Accessibility links

Коми: Трамп менен тергеуді доғаруды талап етті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми президент Дональд Трамп өзіне адал болуды және ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы бірінші кеңесшісі Мафкл Флиннің Ресеймен байланысын тергеуді доғаруды талап еткенін мәлімдеді. Коми сенатқа барлауға қатысты жазбаша жауап берді. Ол 7 маусым күні - сенаттың барлау комитетінде жеке өзі есеп беретіннен бір күн бұрын жарияланды.

Оның сөзі соңғы апталарда кейбір БАҚ-тарда жарияланған, Трамптың Флиннің тергеуіне килікпек болды деген ұйғарымды ішінара растайды. Флин кеңесші қызметін 24 күн атқарып, ақпан айында Ақ үйді Ресей билігінің өкілдерімен байланысы туралы хабардар етпегені белгілі болған соң босатылған.

Комидің жазбаша жауабында айтуынша, қаңтарда болған кешкі ас кезінде Трамп өзіне "Маған адал болу керек. Мен адалдықты күтемін" деген. Комидің сөзінше, ол Трамптың Флинді "жақсы жігіт" деген сөзімен келіскен, бірақ оған қарсы тергеуді тоқтатуға уәде бермеген.

XS
SM
MD
LG