Accessibility links

Ұлыбританияда парламенттің қауымдар палатасына сайлау өтеді


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбриятанияда бүгін парламенттің төменгі қауымдар палатасына мерзімінен бұрын сайлау өтеді. Бұл сайлау елді Еуропа Одағынан шығуды кім басқаратынын және оның Брюссельмен келіссөздегі өкілеттігі қаншалықты ауқымды болатынын айқындайды. Сарапшылардың болжамынша, бұл сайлау Шотландияның тәуелсіздік жариялау туралы жаңа референдум өткізу ниетіне ықпал етуі мүмкін.

Премьер-министр Тереза Мэйдің консервативтік партиясы болжам бойынша, 650 орынды палатадағы басымдығын сақтап қалады әрі ұлғайта түседі. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, консерваторлардың танымалдығы мамыр айында лейбористер қаратындағы үміткерлердің ықпалы арта түсуіне байланысты төмендеген.

XS
SM
MD
LG