Accessibility links

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды


Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы. Наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы. Наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы АҚШ-тың Echostar 21 спутнигін тіркеп ұшты деп хабарлады Роскосмос. Зымыран бейсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 9:45-те ұшырылған.

"Бриз-М" үдеткіш блогы бар "Протон-М" ұшырылғаннан 9 минут 42 секунд өткенде үшінші басқышынан ажырап, автономды режимде ұшуын жалғастырған. Жоспар бойынша, Echostar 21 спутнигі үдеткіш блоктан Астана уақыты бойынша сағат 18:58-де ажырап, орбитаға шығарылады.

Echostar 21 спутнигі Еуропа аумағында ұялы спутниктік байланыс қызметін көрсетуге арналған.

"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан биылдыққа бірінші рет ұшырылып отыр.

XS
SM
MD
LG