Accessibility links

Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалану келісімі мерзімін ұзартты


Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.
Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.

Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімін ұзарту туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, меморандумға энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньнің кездесуінде қол қойылған. Меморандум 3 жыл қолданыста болмақ.

Құжатқа сай тараптар Жаңажол газ өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтері жөнінде келісімді "Ақтөбемұнайгаз-СНПС" компаниясы мен "ҚазМұнайГаз" компаниясы арасындағы жекелеген келіссөздер аясында жасауға уағдаласқан.

Кездесуде тараптар үлестері бар кен орындарында өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамыту үшін көрсетілген келісімшарттар шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

XS
SM
MD
LG