Accessibility links

Қырғыз арнайы қызметі "содырдың" видео үндеуін тексеріп жатыр


Интернетте тараған, бет аузын бүркеп, қырғыз тілінде мәлімдеме жасап отырған адамның видеосынан скриншот.
Интернетте тараған, бет аузын бүркеп, қырғыз тілінде мәлімдеме жасап отырған адамның видеосынан скриншот.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бет-аузын бүркеп, видео мәлімдеме жасаған адамды тексеріп жатыр. Бұл жөнінде МҰҚК-ның ресми өкілі Рахат Сулайманов мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде бет-аузын бүркеп, қолына автомат ұстаған жігіттің анасынан кешірім сұраған видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Видеода атылған оқтың дауысы естіледі.

Ер адам қырғыз тілінде "Мама, мен тірі қалмайтын секілдімін. Кешіріңіз. Мұнда келіп, қателік жасаппын. Олар жазықсыз балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлап жатыр" дейді.

Бұл видео қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары әскери киім киген адамды "жақсы әртіс" деп те атаған.

Қырғыз арнайы қызметінің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 600 қырғыз азаматы соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG