Accessibility links

Сот шенеуніктің журналист Таукинаға шағымын қараудан бас тартты


Оңнан солға қарай: журналист әрі құқық қорғаушы Розлана Таукина, оның өкілі Маржан Аспандиярова, құқық қорғаушы әрі блогер Бақытжан Төреғожина. Алматы, 9 маусым 2017 жыл.
Оңнан солға қарай: журналист әрі құқық қорғаушы Розлана Таукина, оның өкілі Маржан Аспандиярова, құқық қорғаушы әрі блогер Бақытжан Төреғожина. Алматы, 9 маусым 2017 жыл.

Алматының Бостандық аудандық соты Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуовтің журналист әрі құқық қорғаушы Розлана Таукинаға қарсы шағымын қараудан бас тартты. Судья Гүлмира Талапова шағымды бұл азаматтық іс бойынша алдын ала сот тыңдауында қабылдаудан бас тартқандықтан ол туралы қаулы емес, ұйғарым ғана шығарды.

- Сот жауапкердің Ермек Бейсеуовтің шағымын қарамау туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандыру туралы, Ермек Бейсеуовтің Розлана Таукинаға шағымын қарамау туралы ұйғарды, - деді судья Талапова. Ол сонымен қатар ұйғарымға бес күн ішінде апелляциялық шағым түсіруге болатынын айтты.

Ермек Бейсеуовтің өзі сотқа қатысқан жоқ. Оның адвокаты Сәния Аңлауысова сот ұйғарымына комментарий беруден бас тартты.

Розлана Таукина Азаттыққа сот ұйғарымына көңілі толатынын және оған шағымданбайтынын айтты. Ол алдын ала сот отырысында өз позициясының күшейгенін бұған дейінгі сотқа кинолог сарапшының қатысқанынан көреді. Таукина бұдан арғы сот процесі Бейсеуовті "жер қылатын еді" деп, шағымданушы мұны өзі де түсінген болуы мүмкін дейді. Ол өзіне қарсы шағымның да әрі ол бойынша жеңіске жеткенінің де саяси астары бар деп санайды.

Ермек Бейсеуов өзінің "абыройы мен қадыр-қасиеті және іскерлік беделін қорғау туралы" шағымында соттан 2016 жылы 20 қыркүйекте Rezonans.kz сайтында жарияланған "Дом с химерами" деген тақырыптағы мақалада келтірілген мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тануды сұраған. Шенеунік сонымен қатар жауапкер Таукинаны өзінің "абыройы мен қадыр-қасиеті және іскерлік беделін қаралайтын" мәліметті терістеуге міндеттеуді талап еткен.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG