Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет болып қосылды. ШЫҰ-ға мүше алты мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Астанада өтіп жатқан саммитте Үндістан мен Пәкістанның ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы құжатқа қол қойылды. Осымен ШЫҰ-ға мүше елдер саны сегізге жетті.
Сонымен қатар, ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің жиыны қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа, оның ішінде экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша конвенцияға және Астана декларациясына қол қойылды.
ШЫҰ 2001 жылы Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстанның бастамасымен құрылған.
Саммитке қатысқан Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Исламабадтың ШЫҰ-мен ынытмақтастықты нығайтуға дайын екенін, ұйымның терроризм, экстремизммен күресін қолдайтынын айтты.