Accessibility links

Қытай ШЫҰ елдері арасында сауданы жеңілдетуді ұсынды


Қытай төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ саммитінде. Астана, 9 маусым 2017 жыл.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ саммитінде. Астана, 9 маусым 2017 жыл.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері арасында сауда процедураларын жеңілдетуді ұсынды. Астанада өтіп жатқан ШЫҰ елдері басшыларының саммитінде Си Цзиньпин қйым елдері аймақтық экономмикалық ынтымақтастық институтын құру аясында сауда-саттықты жеңілдететін келісім жасай алатынын мәлімдеді.

"ШЫұ елдері үкіметтерінің арасында қарастырылған трансшекаралық маршруттардың белгіленген уақытта ашылғанын қолдаймыз" деген Қытай басшысы Пекиннің экономика бойынша орталықтар құруды және электронды сауда бойынша іскерлік ассоциацияларын құруды ұсынатынын айтты.

Си Цзиньпин бұған қоса Қытай экстремизмге қарсы іс-қимыл конвенциясының орындалғанын, есірткі өндірісімен және айналымымен күресті қолдайтынын, кибер терроризмге қарсы шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше, Қытай ШЫҰ хатшылығына қосымша 10 миллион юань (шамамен 465 миллион теңге) бөлмек.

Астанадағы саммитте ШЫҰ-ға төрағалық жасау міндеті Қазақстаннан Қытайға өтті.

XS
SM
MD
LG