Accessibility links

Көкшетау тұрғыны "дінаралық араздық тудыру" айыбымен 5 жылға сотталды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының Көкшектау қалалық соты қланың 28 жастағы тұрғыны Нариман Сейітжановты діни араздық тудырды деп айыптап, бес жылға соттады. Сейітжановтың серігі Еркін Ыбырайдың сөзінше, үкім жабық түрде оқылған және сот залына ешкімді кіргізбеген.

Сотта Сейітжановтың кінәлі екеніне дәлел ретінде өткен жылы адамдарды қажылыққа бастап барған сапарында жазылған аудиожазба келтірілген. Аудиожазба үш бөлімнен тұрады және ол интернетке салынған. Сейітжановтың адвокаты Бақыт Сүлейменованың сөзіне қарағанда, аудиожазбаны интернетке ол салмаған және оны кім жазып алғаны белгісіз. Тергеу Сейітжанов аудионы өзі жазып алған дейді.

- Онда заңға қайшы ешнәрсе айтылмаған. Керісінше, ол имамдар, дін істері жөніндегі министрлік айтатындай бөлінбеңдер, бірігіңдер деген. Салыстыру үшін біз рұқсатпен шыққан кітаптарға сілтеме жасап, көрсеттік. Ол кітаптарда Сейітжановтың айтқандарынан да жаман нәрселер айтылған, - деді Бақыт Сүлейменова.

Адвокат сонымен қатар сот қорғаушының өтініштерін қабылдамай, барлық куәгердің арасынан біреуін ғана, тілдерді дамыту орталығының өкілінен ғана сұрауға рұқсат бергенін айтады.

27 жастағы Нариман Сейітжанов - Сауд Арабиясында оқып, Қазақстанға оралған соң біраз уақыттан кейін ұсталған бес сүннит мұсылманның бірі. Арнайы қызмет Сейітжановты ұстаған соң оған қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша айып тағып, қамауға алған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG