Accessibility links

Шешенстанда полиция Мурад Амриевті босатқан


Бостандыққа шыққан Мурад Амриев туыстарымен бірге. Кавказ.Реалии сайтындағы сурет.
Бостандыққа шыққан Мурад Амриев туыстарымен бірге. Кавказ.Реалии сайтындағы сурет.

Ресей құрамындағы Шешенстан республикасы билігі аралас жекпе-жек (ММА) бойынша әлем чемпионы Мурад Амриевті қамаудан босатты деп хабарлайды Кавказ.Реалии сайты.

Оның алдында Амриевтің "жалған паспорт жасаған" деген айып бойынша оған іздеу жариялаған Шешенстанға жеткізілген соң журналистермен байланысқа шыққаны туралы ақпарат тараған. Ресейлік РБК агенттігі журналистеріне ол "өзін қалыпты сезінетіні және ешкімнен зиян көрмегені" туралы айтқан.

Бұған дейін Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы таратқан мәлімдемесінде Ресей билігінен Мурад Амриевті дереу босатуды талап еткен.

Мурад Амриевті маусымның 4-і күні Ресейдің Брянск қаласында пойыздан түсіріп, ұстаған соң көп ұзамай оны "формалды түрде босатып", прокуратураға жеткізген. Ол жерден із жасырған Амриевті бейсенбіге қараған түні Беларусь еліндегі Добруш қаласы маңында шекарашылар ұстаған. Беларусь билік орындары Амриевті Ресейге берген соң, оны Шешенстанға жөнелткен. Шешенстан полициясы Мурад Амриевке биылғы ақпан айында іздеу жариялаған.

Құқық қорғаушылар "Шешенстан полициясы Мурад Амриевті 2013 жылы Грозныйда азапталғаны туралы айтқан сөзі үшін қудалап отыр" деп санайды.

XS
SM
MD
LG