Accessibility links

АҚШ Еуропаға сұйылтылған газ экспортын бастады


АҚШ-тың Мэриленд штатындағы жүк кемелеріне сұйылтылған газ тиейтін терминал.
АҚШ-тың Мэриленд штатындағы жүк кемелеріне сұйылтылған газ тиейтін терминал.

АҚШ солтүстік Еуропаға сұйылтылған газды тұрақты тасымалдауды бастады, бұл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және газ тасымалын диверсифакциялауға мүмкіндік береді деп мәлімдеді жұма күні АҚШ энергетика министрі Рик Перри.

Бейсенбі күні америкалық танкерлер Нидерланд пен Польшаға сұйылтылған табиғи газ апарған. АҚШ Еуропаның солтүстігі мен шығысындағы терминалдарға сұйылтылған газды алғаш рет жеткізіп отыр. Рик Перридің мәлімдеуінше, АҚШ Еуропаны "осы аймаққа энергия ресурстарын жеткізуші басты ел болып келген Ресейдің ықпалын азайту мақсатында энергетикалық диверсификациялаудың әлеуетті негізгі көзі ретінде қарастырған".

Сұйылтылған газ экспортын ұлғайту - Дональд Трамп әкімшілігі алға қойған экономикалық басымды міндеттердің бірі. Бұған дейін министр Перри Мексика шығанағында орналасқан терминалдардан сұйылтылған газ тасымалдауға бірнеше лицензия беруді мақұлдаған.

"Сұйылтылған газ өндіретін зауыттар іске қосылғаннан кейін Еуропаға газ тасымалы ұлғаяды деп күтіп отырмыз" деп мәлімдеген АҚШ энергетика министрі.

Қазір Америка сұйылтылған газды Испания, Португалия, Италия, Түркия мен Мальтаға тасымалдап отыр. Перридің сөзінше, АҚШ алдағы үш жылда табиғи газ экспорттау көлемі бойынша әлемде үшінші орынға шығуды көздеп отыр.

"Біз күллі әлемдегі одақтастарымыз бен серіктестеріміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесеміз" деген АҚШ министрі.

XS
SM
MD
LG