Accessibility links

Алматы облысында үш адам әжетханаға құлап қаза болған


Алматы облысының картасы.
Алматы облысының картасы.

Алматы облысында бір отбасындағы үш адам ауылдағы үйдің сыртындағы әжетхана шұңқырына түсіп кетіп мерт болған деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Оқыс оқиға Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында болған. Әжетхана шұңқырына абайсызда түсіп кеткен 10 жастағы қызды шығармақшы болған 50 жастағы ер адам мен 24 жастағы қыз да шұңқырға құлап, үшеуі оқиға орнында қаза болған. Бейресми мәлімет бойынша, кішкентай қыз әжетханаға байқаусызда түсіріп алған ұялы телефонын алып шығамын деп оқыс оқиғаға ұшыраған.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің "Қазақпарат" агенттігіне хабарлауынша, жазатайым қазаға ұшыраған үш адамның денелерін әжетхана шұңқырынан көршілері шығарып алған.

XS
SM
MD
LG