Accessibility links

АҚШ Филиппин армиясына жихадшылармен күресуге жәрдемдесті


Филиппин әскерилері. 29 мамыр 2017 жыл.
Филиппин әскерилері. 29 мамыр 2017 жыл.

Филиппиннің оңтүстігінде Марави қаласындағы бірнеше ауданды басып алған қарулы исламшылдарға қарсы шайқасып жатқан үкімет армиясына АҚШ жәрдем көрсеткен. Бұл туралы бүгін баспасөзде шыққан ақпаратты Маниладағы АҚШ елшілігі растаған. Онда АҚШ-тың арнайы операциялар күштері Филиппин билігінің өтініші бойынша филиппин армиясына қолдау көрсетіп жатқаны айтылған.

Филиппин армиясының өкілі америкалық әскерилердің қарулы шайқастарға қатыспайтыны, тек техникалық көмек қана көрсететіні туралы мәлімдеген.

Маравиде «Ислам мемлекеті» экстермистік тобының қара туын көтерген жихадшыларға қарсы үкімет армиясы бірнеше аптадан бері шайқас жүргізіп жатыр.

Филиппин осы аймақтағы АҚШ-тың дәстүрлі одақтасы. Адам құқығын қорғаушылар Филиппин билігі есірткі саудасына күдікке ілінгендерді ақ-қарасын ажыратпастан, сот тергеуінсіз жазалап, көзін жояды деп сынайды. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп Филиппин президенті Родриго Дутертенің атына мақтау сөздер айтқан.

XS
SM
MD
LG