Accessibility links

Футболдан Қазақстан құрамасы Даниядан жеңілді


Қазақстан-Дания матчы. 10 маусым 2017 жыл, Алматы.
Қазақстан-Дания матчы. 10 маусым 2017 жыл, Алматы.

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысында Даниядан 1:3 есебімен жеңілді. 10 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчтың 27-минутында Николай Йоргенсен есеп ашқан. Ал 43-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ойын ережесін бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

51-минутта Дания құрамасының ойыншысы Кристиан Эриксен Қазақстан қақпасына екінші голды салды. 76-минутта Қазақстан құрамасы сапынан Исламбек Қуат есепті қысқартқанымен, бес минут өткен соң даниялық Каспер Дольберг үшінші голдың авторы атанды.

Қазақстан құрамасы Е тобында екі ұпаймен соңғы алтыншы орында келеді. Бұл топты 1-5 орындарда Польша, Дания, Черногория, Армения, Румыния құрамалары тұр.

Қазақстан келесі ойынын өз алаңында 1 қыркүйекте Черногориямен өткізеді.

XS
SM
MD
LG