Accessibility links

Пәкістандық жігітке әлеуметтік желідегі пікірі үшін өлім жазасын кесті


Пәкістанның Исламабад қаласындағы интернет-кафеде отырған адам. (Көрнекі сурет.)
Пәкістанның Исламабад қаласындағы интернет-кафеде отырған адам. (Көрнекі сурет.)

Пәкістан соты 30 жастағы мұсылман шиит Таймур Разаға Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы үшін өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарған. Үкімде Раза әлеуметтік желідегі комментрийінде «сүннит діни жетекшілеріне және Мұхаммед пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізгені» үшін айыпты деп танылған.

Таймур Раза сот үкіміне шағым бере алады.

Өткен аптада Пәкістан жоғарғы соты «Құранды қорлағаны» үшін өмірлік түрме жазасына кесілген тұтқынды ақтаған. Жоғарғы сот шешімінде төменгі сатыдағы сот орындары бұл істің әділ тергелуін қамтамасыз ете алмағаны айтылған.

Пәкістан заңында ислам діні, пайғамбар немесе діни қайраткерлерге тіл тигізу қылмыс саналып, айыпты деп танылғандарға өлім жазасын тағайындау қарастырылған. Адам құқығын қорғайтын Human Rights Watch халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, өткен жылы Пәкістанда «құдайға тіл тигізген» деген айыппен 15 адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG