Accessibility links

Алматыда көлік апатынан бірнеше адам зардап шеккен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шеккен деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Оқиға жексенбі күні таңертеңгі сағат 9:30 кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 124-маршрут бойынша жолаушы тасымалдайтын автобустің тежегіші істен шығып, ол әуелі жол үстіндегі BMW маркалы жеңіл автомобильді, одан кейін жол шетінде тұрған өзге көліктерді соққан. Соққы екпінімен BMW көлігі жолаушы тасымалдайтын 63-маршруттың автобусына соқтығысқан.

Төтенше оқиға салдарынан BMW көлігінде отырған үш адам және 124-бағыттағы автобустың бір жолаушысы зардап шеккен. Барлығы бес көлік зақымданған.

Полиция апаттың мән-жайын тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG