Accessibility links

АҚШ бас прокуроры сенатқа Ресейге қатысты іс бойынша жауап береді


АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнз.
АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнз.

АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнз маусымның 13-і күні, өткен жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықпал ету ықтималдығы туралы істі тексеріп жатқан сенаттың барлау жөніндегі комитеті мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

Комитетке хатында Сешнз осы аптада сенат тыңдауында сөйлеген АҚШ федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комидің сөздеріне жауап ретінде куәлік бергісі келетінін білдірген. Комидің берген куәліктеріне қарап, ол Сешнзге, соның ішінде Ресей елшісі Сергей Кислякпен 2016 жылғы кездесулеріне байланысты толық сеніңкіремейді деген тұжырым жасауға болады.

Джефф Сешнзді бас прокурор қызметіне президент Дональд Трамп ұсынып, наурыз айында сенат оны тағайындауды мақұлдаған. Көп ұзамай Сешнз сайлауалды науқан кезінде Трамптың сенімді өкілі болғанын алға тартып, Трамп штабы өкілдерінің Ресеймен байланысы және АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықпал ету ықтималдығы туралы істі тексеруге басшылық жасаудан өз еркімен бойын аулақ салған.

Бұдан кейін Сешнздің орынбасары Род Розенстайн әлгі істі тексеруге арнайы прокурор Боб Мюллер тағайындалғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG