Accessibility links

Қиыр Шығыста автобус апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты


Ресейдің Таяу Шығыс аймағының картасы (Көрнекі сурет).
Ресейдің Таяу Шығыс аймағының картасы (Көрнекі сурет).

Ресейдің Иркутс және Чита қалаларының арасындағы жолда көлік апатынан кем дегенде 10 адам қаза тапты. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі 12 маусымда жергілікті уақыт бойынша түн ортасында автобус жолда аударылып кетуінен тағы 20 адам жараланғанын хабарлады.

ИТАР-ТАСС агенттігі 11 адам қаза тауып, 40 адамның жараланғанын хабарлады. Автобуста 51 адам болған. Кейбір ақпарат бойынша, жолаушылар аймақтағы православтардың киелі орындарына зиярат етіп келе жатқанда жол апатына ұшыраған.

XS
SM
MD
LG