Accessibility links

Надаль French Open турнирін 10-рет жеңіп алды


Теннисші Рафаэль Надальдің Frenche Open турнирінде жеңіске жеткен сәті. Париж, 11 маусым 2017 жыл.
Теннисші Рафаэль Надальдің Frenche Open турнирінде жеңіске жеткен сәті. Париж, 11 маусым 2017 жыл.

Испандық теннисші Рафаэль Надаль French Open турнирін 10-рет жеңіп алды. Финалда ол әлемнің үшінші ракаткасы, швейцариялық Стан Вавринканы 6-2, 6-3, 6-1 есебімен жеңіп кетті. Матч екі сағаттан астам уақытқа созылды.

31 жастағы Рафаэль Надаль Grand Slam турнирлерінде осымен 15 рет жеңіске жетіп отыр. Өткен жылы теннисші білегінен жарақат алып, Франция чемпионатына қатыса алмаған. "Толқып тұрмын. Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес" деді Надаль матчтан соң. Қазір жүлде қоры ең көп Grand Slam жарыстарын ең көп жеңіп алған - швейцариялық Роджер Федерер. Ол бұл титулды 18 рет иеленген.

XS
SM
MD
LG