Accessibility links

Навальный Мәскеудегі қарсылық акциясы өтетін орынды өзгертті


Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.
Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный биліктің талабын елемей, жақтастарын бұған дейін Мәскеудің орталығында жоспарланған коррупцияға қарсы акциясының маршрутын өзгертуге шақырды. Бұл туралы Навальный YouTube-те 11 маусым күні кешке хабарлады. 12 маусымда Мәскеуде және Ресейдің бірнеше қаласында коррупцияға қарсы акциялар өткізу жоспарланған. Ол Мәскеудегі наразылық акциялары Мәскеу мэриясының дыбыс және видеоаппарат жеткізетін компанияға "қысым жасап, митингіні ұйымдастырушылармен жұмыс істеспеуді ескертіп жатқанына байланысты" Кремльмен жанасатын Тверский көшесіне ауыстырылатынын хабарлады.

7 маусымда Мәскеу билігі 12 маусымда Сахаров алаңында коррупцияға қарсы акция өткізуге келіскен. Бірақ мэрия митингіде дыбыс аппараттары мен экрандарды пайдалануға тыйым салған.

Ресейде 26 наурызда өткен коррупцияға қарсы митингілерде бір жарым мыңға дейін адам ұсталған. Мәскеу полициясы алда болатын наразылық акцияларында "арандату" болуы мүмкін екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG