Accessibility links

Косоводағы парламент сайлауында оңшылдар коалициясы алда тұр


Косово демократиялық партиясының жақтастары сайлау нәтижесін атап өтіп жатыр. 12 маусым 2017 жыл.
Косово демократиялық партиясының жақтастары сайлау нәтижесін атап өтіп жатыр. 12 маусым 2017 жыл.

Косовода өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша, іс басындағы оңшыл Косово демократиялық партиясы алда келеді. Қазірге дейін бюллетендердің 71 пайызы саналып, оның қорытындысы бойынша демократтар басқаратын коалиция 39,9 пайыз дауыс жинады. Коалицияға бұрынғы премьер-министр әрі көтерілісшілер жетекшісі Рамуш Харадинайдың "Косовоның болашағы үшін альянсы" кіреді.

Қызметінен кетіп бара жатқан премьер-министр Иса Мустафа басқаратын "Косовоның демократиялық лигасы" коалициясы 25 пайыз дауыс жинады. Ұлтшылдардың "Өзін-өзі анықтау қозғалысы" 24,2 пайыз дауыс иеленді. Егер бұл нәтиже өзгермесе, онда бір де бір топ үкіметті жасақтай алмайды және жаңа коалиция құруға мәжбүр болады.

Мерзімінен бұрын өткізіліп отырған бұл сайлау барысында бірнеше айға созылған саяси тұрақсыздық аяқталып, елдің еңбек нарығындағы жағдайды жақсарта алатын және Косовоның Еуропа Одағына қосылу процесімен нақты айналысатын үкімет жасақталады деп күтілген.

XS
SM
MD
LG