Accessibility links

"Индустриализацияның ондаған кәсіпорнының 19-ы ғана істеп тұр"


Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек (сол жақта).
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек (сол жақта).

Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 12 маусым күні Астанадағы кездесуде индустриализация жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша іске қосылған 70-тен астам кәсіпорынның қазір 19-ы ғана жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Министрлік ақпараты бойынша, индустриализация картасы бойынша 2016 жылы 130 жобаға 878 миллиард теңге (2,7 миллиард доллардай) бөлінген.

«Қазір 72 кәсіпорынның 19-ы тұрақты жұмыс істеп тұр. Яғни, өндірістік қуатының 50 пайызынан жоғары жағдайда жұмыс істейді. Біз қазір алты-жеті кәсіпорынды іске қоса алмауымыз мүмкін екенін көріп отырмыз. Қалған кәсіпорындар 20-40 пайыз ғана жұмыс істеп жатыр. Болашақта жұмыс істеледі. Президент бұл кәсіпорындарды кем дегенде 50 пайызға іске қосуды тапсырған» деп мәлімдеді.

Халыққа есеп беру кездесуінде Қасымбектің «индустриализация картасындағы» кәсіпорындардың тоқтап қалуының себептері ретінде девальвациядан кейін валюта бағамдарының өзгеруі мен нарық конъюнктурасының әсер еткенін айтқанын Tengrinews сайты хабарлады.

Қасымбек кәсіпорындарға министрліктің көмектесіп жатқанын мәлімдеген. Ол «Біз әкімдіктер мен кәсіпорын қожайындарымен үшжақты келісімдер жасасып, қолдау көрсетіп жатырмыз. Бұл кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыруға тырысып отырмыз. Меніңше, жыл соңына дейін бұл кәсіпорындардың жартысынан астамы тұрақты жұмысқа кіріседі" деген.

XS
SM
MD
LG