Ауғанстанның Нангархар уәлаятында АҚШ-тың үш әскери қызметшісі оққа ұшқан. Пентагонның мәлімдемесінде 25 жастағы сержант Эрик М. Хук, 29 жастағы сержант Вильям М. Бейз және 22 жастарғы капрал Дилон К. Бэлдридждің маусымның 10-ы күні қаза тапқаны айтылған. Олардың қандай жағдай мерт болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. АҚШ әскери мекемесі оқиғаның қала болғанын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ғана хабарлаған.
Қаза тапқан үшеуі АҚШ-тың Кентукки штатындағы Форт-Кэмпбелл базасында орналасқан 101-ші әкери-әуе дивизиясында қызмет атқарған. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спейсер брифинг кезінде бұл оқиға туралы ақпаратты растаған.
«Ауғанстанда өткен демалыс күндері америкалық үш әскери қызметшінің қазаға ұшырағаны рас дегім келеді. Қазір бұл оқиғаны тексеріп жатыр. Қайғылы оқиға кезінде өмірі қиылған америкалық үш батырдың отбасыларының қайғыларын бөлісеміз» деген Спейсер.