Accessibility links

Назарбаев Татарстан басшысы Миннихановпен кездескен


Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаев. Астана, 2 маусым 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаев. Астана, 2 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаев маусымның 12-күні Астанада Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесіп, екіжақты экономикалық әріптестік жайын талқылаған. Бұған қоса, Назарбаев пен Минниханов Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолы құрылысы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады деп хабарлайды ресми баспасөз.

Кездесу соңында Минниханов Назарбаевқа «Татарстан республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні президент Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлескен. Екі ел жетекшілері екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылап, халықаралық және аймақтық саясат мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

XS
SM
MD
LG