Accessibility links

Пентагон басшысы: Пхеньян әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр


АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис.
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис.

Солтүстік Корея қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке ең үлкен әрі шынайы қатер төндіріп тұр деп мәлімдеді АҚШ конгресіндегі тыңдауда Пентагон басшысы Джеймс Мэттис.

"Солтүстік Кореяның ядролық қару және оларды жеткізу құралдарын құрастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының қарқыны мен көлемі ұлғайды" деген АҚШ қорғаныс министрі.

Бұл жағдай "баршаға айқын әрі шынайы қауіп төндіретінін"ескерткен Мэттистің айтуынша, Солтүстік Кореяның АҚШ территориясына дейін жете алатын ядролық оқтұмсығы бар құрлықаралық баллистикалық зымыранға ие болуы – уақыт еншісіндегі іс. "Пхеньянның түбінде ондай зымыранға ие болатындығына шек келтіруге болмайды" деп санайды Пентагон басшысы.

Сонымен бірге, конгрестің қару күштер істері комитетіндегі тыңдау кезінде Мэттис Ресей президентінің АҚШ-пен "дұрыс қарым-қатынас" орнатуға әзірлігі байқалмайды деп мәлімдеген. " Владимир Путин стратегиялық бәсекелес болуды таңдады" деген АҚШ қорғаныс министрі.

XS
SM
MD
LG