Accessibility links

Алматыдан 669 шақырымда жер сілкінді


Тәжікстандағы таулар. (Көрнекі сурет.)
Тәжікстандағы таулар. (Көрнекі сурет.)

Бүгін таңертең Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 669 километр қашықтықта 5,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Алматы уақыты бойынша сағат 10:28 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, жер қабатының 25 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9.

Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG