Accessibility links

Еуроодақ Ресейді 12 маусымда ұсталғандарды босатуға шақырды


Ресей полициясы Мәскеудің Тверь көшесіне жемқорлыққа қарсы акцияға шыққандарды ұстап жатыр. 12 маусым 2017 жыл.

Еуропа Одағы Ресей билігін маусымның 12-і күні Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Ресейдің өзге де қалаларында өткен жемқорлыққа қарсы шеру кезінде ұсталғандардың барлығын дереу босатуға шақырды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саяси мекемесінің мәлімдемесінде айтылған.

Жүздеген бейбіт демонстранттарды ұстау және оларға құқық органдарының күш қолдануы азаматтардың пікір білдіру және жиын өткізуі туралы Ресей конституциясында бекітілген негізгі бостандықтарға қайшы келеді делінген мәлімдемеде. Брюссель аталған құқықтар мен бостандықтар бұзылмай қорғалады, ал Ресей билігі өзі алған халықаралық міндеттемелерін толық орындайды деп күтетінін айтқан.

Маусымның 12-і күні Ресейдің ондаған қаласында коррупцияға қарсы акциялар өтті. Полиция оған қатысқан мыңнан астам адамды ұстады. Шеру туралы бастама көтерген ресейлік оппозиция лидері Алексей Навальныйды шеру басталмай тұрып үйінен шыға бергенде ұстап әкетті. Сейсенбіге қараған түні Мәскеу соты оны "митинг өткізу тәртібін қайта бұзғаны" үшін 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Мәскеудегі наразылық шеруі туралы видео:

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG