Accessibility links

Қырғыз парламентінің комитеті сайлау өтетін күнді мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан Жогорку кенеші конституциялық заңдылық, мемлекеттік құрылыс, сот-құқықтық мәселелер және парламент регламенті жөніндегі комитеті елде президент сайлауы өтетін күнді белгілеу туралы қаулыны мақұлдады. Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулы жобасында Қырғызстанда кезекті президент сайлауы өтетін күн қазанның 15-іне тура келеді.

Аталған құжатта үкіметке, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға алдағы сайлауды өткізу туралы бірқатар міндеттер жүктелетіні айтылған. Қырғызстан конституциясы бойынша, ел парламенті сайлау өтетін күнді дауыс беруден төрт ай бұрын тағайындауы тиіс.

XS
SM
MD
LG