Accessibility links

Жамбыл облысында суға кеткен баланың денесі табылған


Суға түсп журген ауыл баласы. Баутино кенті, Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
Суға түсп журген ауыл баласы. Баутино кенті, Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Жамбыл облысында Жамбыл ауданында маусымның 11-і күні жергілікті су арнасында шомылып жүргенде жоғалып кеткен баланы іздестіру жұмыстары аяқталды. Адам жоғалған тұстан ағыс бойымен шамамен 10 километр төмен маңнан бүгін таңертең 11 жасар баланың жансыз денесін судан алып шыққан деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Өткен жексенбі күні Жамбыл ауданындағы Ақбулым ауылы маңындағы «Базарбай» су арнасына түсіп жүргенде жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары екі тәулікке жуық уақытқа жалғасқан.

Биыл жаз маусымы басталғалы бері Қазақстанның су арналарында кәмелетке толмаған бірнеше бала суға батып мерт болған. Маусымның 1-і күні Ақтөбе қаласының орталығында үш жасөспірім суға кеткен. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар өткен аптада жоғалып кеткен баланың денесін судан тауып алған.

XS
SM
MD
LG