Accessibility links

Володин: Ресей президенттігіне лайық жалғыз кандидат - Путин


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен мемлекеттік дума жетекшісі Вячеслав Володин.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен мемлекеттік дума жетекшісі Вячеслав Володин.

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володинның пікірінше, "бейбіт өмірді қалайтын" ресейліктер үшін 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауында кандидат болуға лайық жалғыз адам – қазіргі ел президенті Владимир Путин. Володин бұл туралы Life.ru сайтына сұхбатында мәлімдеген.

Путин келер жылы өтуі тиіс президент сайлауына өзінің қатысатыны не қатыспайтыны туралы әзірше ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алдағы президент сайлауына түсуге ниетті екенін бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальный мәлімдеген. Ол осы кезге дейін өзін қолдайтын азаматтардан жарты миллионнан астам қол жинап, Ресейдің 47 аймағында штабтарын ашып қойған. Маусымның 12-і күні Ресей көлемінде өткізген жемқорлыққа қарсылық акцияларынан кейін Мәскеу соты Навальныйды "митинг өткізу тәртібін қайта бұзғаны" үшін 30 тәулікке қамаған.

Ресейде кезекті президент сайлауы 2018 жылғы наурыздың 18-і күні өтуі тиіс.

64 жастағы бұрынғы КГБ офицері Путин 1999 жылдан бері Ресей үкіметі және мемлекеті басшысы қызметтеріне бірнеше рет сайланған.

XS
SM
MD
LG