Accessibility links

Сешнс: Трамп штабының Ресеймен байланысы туралы ешнәрсе білмеймін


АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс сенаттың тарлау жөніндегі комитетінде жауап беріп тұр. Вашингтон, 13 маусым 2017 жыл.
АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс сенаттың тарлау жөніндегі комитетінде жауап беріп тұр. Вашингтон, 13 маусым 2017 жыл.

АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс сенаттың барлау жөніндегі комитеті алдында сұрақтарға жауап берді. Сешнстің сөзіне қарағанда, оған Трамптың сайлауалды штабының Ресейдің ресми тұлғаларымен байланысы жөнінде ешнәрсе мәлім емес. Ол Ресей елшісімен екі рет кездескенін, бірақ айтарлықтай ештеңе болмағанын айтты.

Сешнс президент Дональд Трамппен не жөнінде сөйлескенін айтудан бас тартты. Кейін ол Трамппен Федералды тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комидің ұстанымы жөнінде сөйлескенін айтты. Екеуі "Федералды тергеу бюросына өзгеріс керек" деп шешкен.

Бас прокурор қызметімен қатар әділет министрлігін де басқаратын Джефф Сешнс АҚШ әкімшілігіндегі ең жоғары лауазымды тұлғалардың бірі саналады.

Өткен аптада сенаттың барлау жөніндегі комитеті Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комиді тыңдаған. Ол Ресей билігінің АҚШ-тағы президент сайлауына араласқанына күмән келтірмеді. Бірақ ол қолында дәлел келтіретін ешқандай куәлік жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, алғашқы кибершабуыл 2015 жылдың жазында болған.

Коми сонымен бірге биыл 14 ақпанда Ақ үйде президент Трамппен кездескенін, онда президент кабинеттегі өзге адамдарға екеуін оңаша қалдыруын сұрағанын атап өтті. Сол кезде президент құпия ақпарат жөнінде айтып, Флинн жөнінде сөз қозғаған. Комидің айтуынша, Трамп Флиннді қайта-қайта "жақсы адам" деп, оған қатысты тергеу ісін тоқтатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG