Accessibility links

Дүниежүзілік банк Ауғанстанға 520 миллион доллар бөлмек


Пәкістаннан Ауғанстанға қайтып бара жатқан ауған босқындары. Пешавар, тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Пәкістаннан Ауғанстанға қайтып бара жатқан ауған босқындары. Пешавар, тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік банк (ДБ) Ауғанстанға экономикасын нығайтып, маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және Пәкістаннан еліне оралған ауғандық босқындарды қолдауға 520 миллион доллар көлемінде көмек беруді мақұлдады. ДБ-ның мәлімдеуінше, алты грант түрінде және Дания, Германия мен Жапониядан бөлінетін қаржы ауған үкіметіне "экономикалық қауіп-қатер ұлғайып, тұрақсыздық орнаған кезде" берілмек.

ДБ-ның Ауғанстан бойынша директоры Шубхам Чодри Кабул мемлекеттік институттар, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру және басқа да маңызды салаларды реформалауда жетістіктерге жеткеніне қарамастан "экономикалық дамуда үлкен қиындықтарға тап болғанын" мәлімдеді.

НАТО Ауғанстаннан әскерін 2011 жылдан бері кезең-кезеңімен шығарып жатыр. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуді әлсіретіп, экономикалық тұрақсыздыққа әкеліп соқтырып жатыр. Ең үлкен грант - 205,4 миллион доллар ауған босқындарының Пәкістаннан оралуына қатысты ұйымдарға бөлінеді. Пәкістан мен Ираннан Ауғанстанға 800 мыңға тарта босқын оралған.

XS
SM
MD
LG