Accessibility links

Түркия президенті Катарды қорғай сөйледі


Режеп Ердоған Түркия парламентінде сөйлеп тұр. Анкара, 14 маусым 2017 жыл.
Режеп Ердоған Түркия парламентінде сөйлеп тұр. Анкара, 14 маусым 2017 жыл.

Түркия президенті Режеп Ердоған Катарды оқшаулау "адамдық қасиетке жатпайды әрі ислам құндылықтарына қайшы келеді" деп мәлімдеді.

13 маусым күні Түркия парламентінде сөйлеген Ердоған басқарушы партия атынан Сауд Арабиясы Катардағы жағдайды реттеу керек екенін айтты.

5 маусымда Сауда Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Бахрейн Катарды Иранға және радикалды исламшылдарға қолдау көрсетеді деп айыптап, Дохамен қарым-қатынасты үзген.

Катар барлық айыптауларды жоққа шығарады. Доханы Түркия мен Иран қорғап жатыр.

Апта басында Ұлыбритания өзге араб елдерін Катармен әуе қатынастарын қалпына келтіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG