Accessibility links

Полиция: Көкшетауда судья өлі күйде табылды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Көкшетауда Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Жанна Бердіғұлова өлі күйде табылды. Полицияның ақпаратына қарағанда, 46 жастағы Бердіғұлованың "қолмен буындыру белгісі бар" денесі 13 маусым күні таңертең өз үйінен табылған.

Infromburo.kz сайтының хабарлауынша, Бердіғұлованың туыстары мен әріптестеріне әуелде оның жүрегі тоқтап қайтыс болғанын хабарлаған. Кейін сараптама нәтижесінде оның денесінде буындырған іздері бары анықталған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук журналистерге бұл факт бойынша "кісі өлімі" бабымен сотқа дейінгі өндіріс ашылғанын хабарлады. Судьяның өліміне күдікті ретінде бұрын кісі өлтірді деп сотталған, 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Күдікті қылмысты мойнына алған. Кісі өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG