Accessibility links

Мыңбаев: "ҚазМұнайГаз" акциясын қытайлық компанияға сату аяқталып қалды


Сауат Мыңбаев, "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасы.
Сауат Мыңбаев, "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасы.

Ұлттық "ҚазМұнайГаз" компаниясы Еуропа нарығында жұмыс істейтін KMG International компаниясындағы акция пакетінің 51 пайызын Қытайдың ірі China Energy Company Limited (CEFC) компаниясына сату туралы келісім таяуда аяқталады. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында айтылады.

"ҚазМұнайГаз" Еуропа нарығында Rompetrol брендімен жұмыс істейтін KMG International компаниясының 100 пайыз акция пакетіне ие. Компания акция пакетінің 51 пайызын қытайлық компанияға сататыны туралы өткен жылы сәуірде жарияланған. Сауат Мыңбаевтың жазуынша, келісім құны 680 миллион доллар деп бағаланған. Бұдан өзге, қытайлық компания бірлескен кәсіпорынның ары қарайғы дамуына 3 миллиард доллар салмақ. Бұл қаржы KMG International-дың Petromidia мұнай өңеу зауытының қуаттылығын арттыруға, жанармай құю желілерін дамытуға және басқа да жобаларға жұмсалмақ.

"Келісім шарттары бойынша, республика мұнайын Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытына экспорттай береді. 49 пайыз акция пакетін сақтап қалу Қазақстан жағының компанияның операциялық қызметін қадағалауға және серіктеспен бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік береді" деп жазған Мыңбаев.

XS
SM
MD
LG