Accessibility links

СПИД орталығы: Қазақстанда жылына 1500-ге жуық адам ВИЧ жұқтырады


Бауыржан Байсеркин, республикалық СПИД орталығының бас директоры. Шымкент, 14 маусым 2017 жыл.
Бауыржан Байсеркин, республикалық СПИД орталығының бас директоры. Шымкент, 14 маусым 2017 жыл.

Қазақстанда жылына 1500-ге жуық адам ВИЧ індетін жұқтырады. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан халықаралық семинарда Азаттыққа республикалық СПИД орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин айтты.

- Қазақстанда ВИЧ көбіне нашақорлардан, жезөкшелерден және анадан балаға жұғып жатыр. Жыл сайын ВИЧ жұқтырған адамдар диагностикадан өтеді. Жылда 1500-дей адам ВИЧ жұқтырып, жаңадан тіркеледі. Балалар өте аз, - дейді Бауыржан Байсеркин ЮНИСЕФ-тің ұйымдастырумен өтіп жатқан халықаралық семинарда.

Бас директордың сөзінше, 2016 жылы ВИЧ жұқтырған 300 әйел бала тапқан. Оның ішінде, үш әйел тиісті емін қабылдамағандықтан баласына ВИЧ жұқтырған.

- Қалғаны дені сау балалар. Кейбір ВИЧ жұқтырған әйелдер 2-3 бала туып, өсіріп жатыр. Балаларының дені сау, - дейді Байсеркин.

XS
SM
MD
LG