Accessibility links

АҚШ Ресей елшілігіне неліктен құттықтау жолдамағанын түсіндірді


Вашингтондағы Ресей елшілігі жанынан өтіп бара жатқан адам (Көрнекі сурет).
Вашингтондағы Ресей елшілігі жанынан өтіп бара жатқан адам (Көрнекі сурет).

АҚШ Вашингтондағы Ресей елшілігін Ресей күнімен регламенттегі өзгерістерге байланысты құттықтамады. Енді ресми құттықтау АҚШ елшілігі арқылы беріледі деп хабарлады ТАСС агенттігіне АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінен.

Кеше Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ 25 жылда бірінші рет дипломатиялық өкілдікті Ресей күнімен құттықтамады қынжылыс білдірген. Мемлекеттік мерекемен құттықтау дипломатиялық әдеп саналады. Ресей елшілігі бұл күні қабылдау өткізіп, оған америкалық саясаткерлер мен бизнесмендерді шақырады.

Ресей күні 1994 жылдан бері атап өтіледі. 1990 жылы 12 маусымда сол кезде әлі СССР құрамында болған Ресей егемендігін жариялаған. Биыл бұл күні Ресейдің көптеген қаласында наразылық акциялары өтіп, жүздеген адам ұсталған. АҚШ пен Еуропа Одағы және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ресей билігінің бұл әрекетін айыптап, демонстранттарды босатуға шақырды. Кремль митингілерді арандату деп атап, шетелдік саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың үндеуіне құлақ аспады.

Маусымның 12-сі Мәскеуде болған қарсылық акциясынан видео:

Наразылықты күшпен басу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00

XS
SM
MD
LG