Accessibility links

Лондонда биік ғимараттағы өрттен бірнеше адам қаза тапты


Лондонда өртеніп жатқан Grenfell Tower ғимараты. 14 маусым 2017 жыл.
Лондонда өртеніп жатқан Grenfell Tower ғимараты. 14 маусым 2017 жыл.

Лондонның батысында көп қабатты үйдің өртенуінен бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жараланды деп хабарлады қала билігі. "Бірнеше адам қаза тапты. Ғимараттың ауқымды екеніне байланысты қазір құрбандардың нақты санын айта алмаймын" деді сәрсенбіде Лондонның өрт сөндіру қызметінің басшысы Дэни Коттон. Жедел жәрдем қызметі бұған дейін 50-ден астам адамның ауруханаға түскенін хабарлаған.

27 қабатты Grenfell Tower тұрғын үй кешенінің өртеніп жатқаны туралы дабыл 14 маусым күні таңертең түскен. Өрт шыққанынан бірнеше сағат өтсе де ғимарат әлі өртеніп жатыр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG