Accessibility links

АҚШ сенаты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды мақұлдады


АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ сенаты Ресейге Украинадағы саясаты үшін бұған дейін салынған санкцияларды күшейтуді және өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауы барысына ықтимал килікпек болғаны үшін жаңа жауап шараларын қабылдауды көпшілік дауыспен мақұлдады. Ресейге қарсы шараларды 97 конгресмен қолдап, екеуі қарсы дауыс берді. Дауыс беру қарсаңында Мәскеу Ресейге қарсы жаңа шаралар қабылданса оған жауап берілетінін ескерткен. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон конгресті ұстамдылық танытуға шақырды.

Енді сенат санкция туралы қолданыстағы актілерге енгізілетін барлық түзетулерге қатысты дауыс беруі тиіс. Дауыс беру 15 маусымда өтуі мүмкін. Палата спикері Пол Райан бұған дейін өзгерістер енгізуді қолдайтынын білдірген. Өзгерістер мен түзетулер арқылы Мәскеуге қарсы санкцияларға заңдық мәртебе берілмек. Бұл жүзеге асса, президенттің санкцияларды бір жақты түрде, өз бетімен жою әрекеттерін қиындатады.

Салынатын жаңа санкциялар Ресейдің энергетика және қаржы салалары шеңберінен асып, өндіруші өнеркәсіп, металлургия, теміржол компаниялары және тасымалдау салаларын, адам құқықтарын бұзуға қатысы бар деген күдікті жекелеген адамдарды қамтымақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG