Accessibility links

Украина ресейлік боксшыны өз территориясына кіргізбеді


Харьковтегі Украинаның Ресеймен шекарасындағы қадағалау-өткізу пункті (Көрнекі сурет).
Харьковтегі Украинаның Ресеймен шекарасындағы қадағалау-өткізу пункті (Көрнекі сурет).

Украина өз территориясына Еуропа чемпионатына қатысуға келген ресейлік боксшы Георгий Кушиташвилиді бұған дейін украин билігінің рұқсатынсыз Қырымға барғаны үшін кіргізбей қойды. Кушиташвили Қырымға рұқсатсыз барғаны үшін Украинаға кіруіне тыйым салынған Ресей делегациясының тоғыз мүшесінің бірі болып отыр. Делегация құрамында барлығы 39 адам бар.

Еуропа чемпионаты Киевте 16 маусымда басталады. Кушиташвили 81 килограмға дейінгі салмақта фаворит саналған. Ресей бокс федерациясының баспасөз хатшысы Влад Романовтың хабарлауынша, өзі мен Кушиташвилиді Харьковтегі қадағалау-өткізу пунктінде тоқтатып, Ресейге қайтарып жіберген.

Киевтегі Еуропа чемпионаты бір жағы бокстан әлем чемпионатына іріктеу біріншілігі есебінде де өткізілмек. Әлем чемпионаты биыл 25 тамызда Гамбургте өтеді. Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев Кушиташвилидің орнына Муслим Гаджимагомедов баратынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG