Accessibility links

WP: Арнайы прокурор Трамптың іс-әрекетін тексеріп жатыр


Роберт Мюллер, АҚШ әділет министрлігінің арнайы прокуроры.
Роберт Мюллер, АҚШ әділет министрлігінің арнайы прокуроры.

АҚШ әділет министрлігінің арнайы прокуроры Роберт Мюллер президент Дональд Трамптың Джеймс Комиді Федералдық тергеу бюросыың директоры қызметінен алып тастаудағы іс-қимылын тексеріп жатыр. Бұл туралы Washington Post газеті сәрсенбі күні кешке құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, АҚШ арнайы қызметінің бірнеше басшысы аталған тергеу аясында жауап бермек. Тергеу Джеймс Коми бюро директоры қызметінен босатылғаннан бірнеше күннен соң басталған.

Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Роберт Мюллер Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігуі мен Трамп штабы адамдарының Ресей билігі өкілдерімен байланысын тергеуге басшылық жасайтын арнайы прокурор қызметіне тағайындалған. Прокурорға кең өкілеттік, оның ішінде егер заңды бұзғанына күдік туса онда президенттің іс-әрекетін де тергеу құқығы берілген.

Трамптың өкілі тергеу туралы ақпараттың таралып кетуін "ерсі, кешірілмес әрі заңсыз" деп атады.

Арнайы прокурордың президент қызметіне тексеріп жатқаны туралы ақпарат сенсация емес. Сарапшылар өткен аптада Джеймс Коми сенат тыңдауына шақырылып, сөйлеген соң арнайы прокурор тексеру бастайды деп күткен. Коми тыңдау кезінде Трамп өзін Ресейге қатысты тергеуге қарсылыққа байланысты қызметінен босатты деп білетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG