Accessibility links

Қырғызстанда президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды


Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының кеңсесі, Бішкек (Көрнекі сурет).
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының кеңсесі, Бішкек (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда президенттікке үміткерлерді ресми түрде ұсыну басталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Абдыжаппар Бегматов хабарлады.

"Жогорку Кеңештің қаулысы шыққаннан кейін, келесі күні үміткерлерді ұсыну басталады. Президенттік сайлауға түскісі келетін кандидат кем дегенде 30 мың сайлаушының қолын жинауы керек. Сонымен бірге партия съезінің шешімін өткізуі тиіс" деді Бегматов.

Оның сөзінше, өзін өзі ұсынған кандидаттар анкета толтырады. Үміткерлерді тіркеу сайлауға 75 күн қалғанда аяқталады.

Жогорку Кеңеш сәрсенбі күні президент сайлауын биыл 15 қазанда өткізу жөнінде қаулы шығарған.

XS
SM
MD
LG