Accessibility links

ОҚО-да ВИЧ жұқтырған 60 баланың статусы ашылды


Жанетта Жазықбаева, "Балаларды СПИД-тен қорғайық" қоғамдық қорының жетекшісі.
Жанетта Жазықбаева, "Балаларды СПИД-тен қорғайық" қоғамдық қорының жетекшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 60 баланың статусы ашылды. Бұл туралы Азаттыққа "Балаларды СПИД-тен қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева айтты.

Жазықбаеваның сөзінше, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ жұқтырған 12-14 жас аралығындағы 60 бала өз диагнозын біліп, статусы ашылған. Тағы 40 баланың статусын ашу жоспарланған. Ол статусы ашылған балалармен кем дегенде тағы 1 жыл жұмыс істеу керегін, бірақ қазір қаржы болмай, жұмыс тоқтап тұрғанын айтады.

- Балалар жазғы демалысқа шықты. Осы уақытта оларды жинап, диагнозын айтып, статусын ашу жеңіл тиетін еді. Бірақ мүмкіндігіміз болмай отыр. Қазір жан-жаққа хат жазып, қаражат іздеп жатырмыз, - дейді Жанетта Жазықбаева.

Қоғамдық қор жетекшісі балаларға ВИЧ жұқтырғанын ескерту үшін арнайы бағдарлама жасалғанымен, оның қаржыландырылмағанын айтады.

Мамандар бұған дейін биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ жұқтырған 102 баланың статусын ашу керектігін ескерткен.

XS
SM
MD
LG