Accessibility links

Путин: Ресей экономикасы рецессиядан шықты


Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" арқылы тұрғындар сауалына жауап беріп отыр. 15 маусым 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" арқылы тұрғындар сауалына жауап беріп отыр. 15 маусым 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин өз елі ұзақ уақытқа созылған рецессиядан шыққанын және "экономика өсу кезеңіне аяқ басқанын" мәлімдеді.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша "тікелей желі" арқылы тұрғындар сұрағына жауап беру жиынында Путин экономикалық өсімге қатысты оптимистік пікір білдірді. Ол жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі соңғы үш тоқсанда тұрақты ұлғайғанын және өнеркәсіп өндірісі де артып келе жатқанын айтты.

Дегемен, Путиннің сөзінше, Ресейде кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны 13,5 пайызға жеткен.

"Тікелей желіде" Путинге төмен жалақымен қалай күн көруге болатыны туралы сауалдар да қойылды.

Ресей 2014 жылы мұнай бағасы құлдырап, Батыс елдері Мәскеуге Қырымды аннексиялап, Укарина шығысындағы жанжалға киліккені үшін санкция салған соң рецессияға тап болған.

XS
SM
MD
LG