Accessibility links

Путин президент сайлауына қатысатыны туралы сұраққа жауаптан жалтарды


Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желіде" тұрғындар сауалына жауап беріп отыр. Мәскеу, 15 маусым 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желіде" тұрғындар сауалына жауап беріп отыр. Мәскеу, 15 маусым 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин келесі президент сайлауына қатысатыны туралы сұраққа жауап беруден жалтарды. 15 маусымда жыл сайынғы тұрғындар сауалына жауап беретін "тікелей желіде" Путин өзіне қойылған "Келесі президент сайлауына қатысасыз ба?" деген сұраққа жауап бермеді. Ол елдің жаңа президентін "халық таңдайтынын" айтып, болашақ президенттің басты міндеті кедейлікпен күресіп, халықтың табысын арттыру екенін мәлімдеді.

Ресейдегі қарсылық акциялары туралы сұрақтарға жауап берген Путин "кейбіреулердің қиындықтарды өз пайдасына асырып жатқанын" айтты.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сайлауға түсетіні туралы бұған дейін саясаткерлер Владимир Жириновский, Григорий Явлинский мен оппозиция жетекшісі Алексей Навальный жария етті.

XS
SM
MD
LG