Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облыстық департаментінің екі қызметкері бопсалады деген күдікке ілініп, қамауға алынды. ҰҚК-нің бейсенбі күні кешке хабарлауынша, күдіктілер 8 маусымда бопсалау туралы іс бойынша тергеу аясында ұсталған. ҰҚК қызметкерлерінің ұсталғанына қатысты бұдан өзге ақпарат бермеді.
Ал Ақтөбе облыстық соты таратқан ақпаратқа қарағанда, Ақтөбе қалалық №2 соты 10 маусымда ҰҚК департаменті үшінші басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары А.А.Тахауиев пен бұрынғы қызметкер К.Б.Қабыловты екі айға қамауға санкция шығарған.