Accessibility links

Еуропарламент Марин Ле Пенді депутаттық қол сұғылмау құқығынан айырды


Марин Ле Пен, Еуропарламент депутаты.
Марин Ле Пен, Еуропарламент депутаты.

Еуропа парламенті Марин Ле Пенді депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айырды. Франция соты еуропалық депутаттардан Ле Пеннің Ницца мэрі Кристиан Эстрозиға жала жапты деген күдікке ілінгенін айтып, оны аталған құқығынан айыруды сұраған. 2015 жылы Ле Пен Ницца мэрін исламшыл ұйымдарды қаржыландырады деп айыптаған.

Еуропа парламенті Ле Пенді басқа да істер бойынша бұған дейін бірнеше рет депутаттық иммунитетінен айырған. Ле Пен биыл наурызда интернетте зорлық-зомбылық оқиғасының суретін жариялағаны үшін, 2013 жылы көпшілік алдында құлшылық жасаған мұсылмандарды Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі неміс сарбаздарына теңегені үшін депутаттық қол сұғылмаушылық құқықтарынан айырған.

2004 жылдан бері Еуропа парламентінің депутаты Марин Ле Пен өзінің "Ұлттық майдан" партиясының Франция парламентіне сайлаудың 18 маусымда өтетін екінші кезеңіне қатысуға дайындыққа байланысты бос емесін айтып, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспады.

XS
SM
MD
LG