Accessibility links

Мәскеуде 452 үйдің тұрғындары үйлерін сүруге қарсы дауыс берді


Реновация бағдарламасына қарсылық акциясына қатысушылар. Мәскеу, 14 мамыр 2017 жыл.
Реновация бағдарламасына қарсылық акциясына қатысушылар. Мәскеу, 14 мамыр 2017 жыл.

Мәскеуде бірнеше мың үйді сүріп, тұрғындарды жаңа үйлерге қоныстандыруды қарастыратын реновация туралы бағдарламаға дауыс беру аяқталды. Бағдарламаға қатысуға 452 үйдің тұрғындары қарсы, үйлерді сүруді төрт мыңнан астам пәтердің иелері қолдап дауыс берді. Бұл туралы РБК агенттігі келтірген алдын ала мәліметте айтылады. Дауыс берудің түпкілікті нәтижесі шілде-тамыз айларында белгілі болмақ.

Дауыс беруге тұрғындардың 71 пайызы қатысқан. 21 үйде пәтер иелерінің 100 пайызы дауыс берген. Тұрғындардың шешім қабылдауына ықпал еткен басты фактор үйлердің конструктивтік жағдайы болған. Агенттік тұрғындардың саяси ұстанымдары мен үйлердің метроға жақындығы дауыс беру нәтижесіне әсер етпеген.

14 маусымда Мемлекеттік дума Мәскеудегі реновация туралы заң жобасны үшінші әрі соңғы оқылымда мақұлдаған. Құжат бойынша, тұрғындары реновация бағдарламасын қолдап дауыс берген үйлер ғана сүріледі.

Мәскеу билігі реновация бағдарламасы аясында қаланың 85 ауданында төрт жарым мыңнан астам үйді сүріп, тұрғындарды жаңа үйлерге көшірмек. Бағдарлама құны үш триллион рубльге бағаланып отыр. Мәскеу мэриясының бұл әрекеті қалалықтардың біразының наразылығын тудырды. Мамырда олар заң жобасын қабылдамауды талап етіп үш рет митингіге шығып, Мемлекеттік дума алдында стихиялы қарсылық акцияларын өткізген.

XS
SM
MD
LG