Accessibility links

Ресей: Әуе шабуылында ИМ басшысының көзі жойылған болуы мүмкін


Абу Бакр әл-Бағдади, "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі.
Абу Бакр әл-Бағдади, "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі.

Ресей қорғаныс министрлігі экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади Ресей авиациясының өткен айда Сирияға жасаған әуе соққыларынан көзі жойылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ресейлік БАҚ келтірген министрлік мәлімдемесі бойынша, әл-Бағдадидің 29 мамырда Ракка түбіндегі әуе соққыларында көзі жойылған болуы мүмкін екені туралы ақпарат бірнеше арналар бойынша тексерілген. Министрлік әуе соққыларынан 330-ға тарта адам, оның ішінде ИМ-нің басты бірнеше өкілі мерт болғанын айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі әуе шабуылында ИМ өкілдерінің ұйымның Сириядағы негізгі тірегі Ракка қаласынан шегіну мүмкіндіктері талқыланған жиын нысанаға алынғанын айтады.

ИМ Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі біраз территорияны 2014 жылы жазда басып алған.

XS
SM
MD
LG