Accessibility links

БАҚ: Трамп Кубаға қатысты саясатын қатаңдатады


Вашингтондағы Куба елшілігі мен Куба туы (Көрнекі сурет).
Вашингтондағы Куба елшілігі мен Куба туы (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтардың Кубаға бару ережесін қатаңдатып, кубалық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды шектемек деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. АҚШ президенті Кубаға қатысты шешімін Майямиде сөйлегенінде жариялайды деп күтіліп отыр.

Трамптың мұндай қадамға баруы өзіне дейінгі президент Барак Обама орнатып кеткен Кубамен жақындасу саясатынан бас тартудың белгісі болуы ықтимал. Трамп президент болып сайланған соң Гавана қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімнің Вашингтонға арналған шарттарын жақсартудан бас тартса келісімді бұзуға уәде берген.

АҚШ азаматтары бұрынғыдай Кубаға еркін бара алады, бірақ енді олар туристік агенттіктердің қызметін пайдалануға тиісті болмақ. Жаңа шаралар кубалық әскерилерге тікелей төлем жасауға тыйым салады. Бұл жергілікті туризмге кері әсер етуі мүмкін. Себебі аралдағы қонақүйлер мен туристік агенттіктердің көпшілігі Куба армиясына тиесілі.

Барак Обама Кубамен қарым-қатынасты жақсартатыны туралы 2014 жылы жариялап, кейін Кубаға тарихи сапар жасаған. Соңғы 90 жылда америкалық бір де бір президент Кубаға бармаған еді. 2015 жылы екі ел дипломатиялық қатынасты қайта жандандырған.

XS
SM
MD
LG